«Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсы
мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған жыл сайынғы республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсы
ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫ ТАРАТУ
ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ
ПЕДАГОГТЕРДІҢ АКТ-ҚҰЗЫРЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Педагогикалық идеялар панорамасы
әрбір қазақстандық педагогке: мектепке дейінгі білім беру педагогінен бастап ЖОО оқытушысына дейін, кешегі түлек пен еңбек сіңірген білім қызметкері – қарапайым мұғалімдер, бірақ ерекше адамдарға өз ойын білдіруге мүмкіндік береді.
Қатысу шарттары
Кім қатыса алады?
Конкурсқа 12 бағыт бойынша (3-тармақ) ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады
Өтінімді қандай құрамда беруге болады?
Конкурсқа педагогтер жеке де, авторлық топтарда да қатысуға құқылы (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс).
Бейнесабақтарды жіберу кезінде шектеулер бар ма?
Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог бір бағытқа қатысу үшін өтінім беруге және бір бейнематериал ұсынуға құқылы.
Материалдарды іріктеудің басты өлшемі
Конкурсқа бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісінде орналастырылмаған бейнематериалдар жіберіледі. Жұмыстарда үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзуға қабілетті және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін бейнеақпарат пен аудиоконтент болмауы тиіс.
Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
Мазмұны:
- конкурстық жұмыс мазмұнының
конкурс бағыттарына сәйкестігі
- ҚР МЖМБС-ына сәйкестігі
- арнайы терминология мен белгілерді пайдаланудың дұрыстығы
Аудио және бейне мән-мәтінді бөгде өндірушілердің авторлық құқықтарын сақтау
- авторлық құқық объектілері болып табылатын жұмыстардың фрагменттері пайдаланылған материалдар құқық иеленушілермен келісілмей қабылданбайды
Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары:
- Full HD-ден (1920x1080) 4K-қа дейінгі өлшем
- формат*.mp4.
- бейнематериалдың уақыты 5-тен 10 минутқа дейін.
- дыбыс сипаттамалары (формат, бит жылдамдығы және т.б.) – стерео 48 кГц 16 бит.
Ілеспе құжаттар:
- конкурсқа қатысуға өтінім
Жұмыстар қабылданбайды:
- слайд-шоу түріндегі жұмыстар қабылданбайды
- егер сілтеме жұмыс істемесе, жұмыс қабылданбайды
- бұрын басқа конкурстарға қатысқан бейнероликтер
- сапасы төмен бейнероликтер
- мазмұны ҚР заңнамасын бұзатын бейнероликтер, жарнамалық
- сипаттағы бейнероликтер, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын және кемсітетін бейнероликтер қабылданбайды
«Педагогикалық идеялар панорамасы»
Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсы
Бейнематериалда болуы тиіс
Бейнематериалда авторлық педагогикалық идея, яғни қысқаша тұжырымдалған ой болуы керек, ол жалпы пәнаралық негізде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту саласында кәсіби педагогикалық тәжірибенің белгілі бір инновациялық мәнін белгілейді